2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 10-3 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 20 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 37 832 712 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 16 078 949 мың. теңге;
салықтық емес түсімдер - 34 851 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 890 мың теңге;
трансферттерден түсетін түсімдер - 21 712 022 мың теңге;
2) шығындар - 37 705 816 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - -23 104 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 0 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 23 104 мың теңге;
4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо - 150 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 150 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 0.
2. 2009 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және осы шешімнің 4 пунктіне сәйкес қарастырылады.
3. Қазақстан Республикасының «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын баптары қатерге және басшылыққа алынсын.
4. Жергілікті бюджеттердің теңгерімдігін қамтамасыз ету үшін 2009 жылдың кірістер бөлу нормативі төмендегі кіші сыныптар кірістері бойынша белгіленсін:
1) Жеке табыс салығы аудандық (қалалық) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады: Бөрлі - 16,7%; Орал қаласы - 56,5%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау - 100,0%;