Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын және
(немесе) инвестициялық жобалар қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығы
(2005.10.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 5 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ТМ реттеу және бәсекелестікті қорғау ж/гі агенттігінің 23.05.03 ж. № 138-НҚ бұйрығымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005.10.03. № 74-НҚ бұйрығымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005.10.03. № 74-НҚ бұйрығымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламалар және (немесе) инвестициялық жобаларын қарау және келісу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т. Шардарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.