Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» № 15-92 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы № 17-107 шешімі
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 1-тармағына, 104-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6- бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 15-92 шешіміне (2009 жылғы 5 қаңтардағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2025 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 5 «Жетісу» газетінде жарияланған), төмендегі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта төмендегі жолдар бойынша:
2) «Шығындар» «122055104» саны «122081091» санына ауыстырылсын;
5) тапшылық- «-588200» саны «-123193» санына ауыстырылсын;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру- «588200» саны «123193» санына ауыстырылсын;
14 тармақтағы:
«5576671» саны «5563805» санына ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Көрсетілген шешімнің 5 қосымшасы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
4. Көрсетілген шешімнің 7 қосымшасы осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
5. Көрсетілген шешімнің 8 қосымшасы осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
6. Көрсетілген шешімнің 13 қосымшасы осы шешімнің 5 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
7. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
| Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Қ. Дөнсебаев | Облыстық мәслихаттың хатшысы А. Сыдық |
Алматы облыстық мәслихатының 2009 жылғы
11 ақпандағы «Алматы облыстық мәслихатының
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Алматы облысының
2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы»
№ 15-92 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
№ 17-107 шешімімен бекітілген 1 қосымша
Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы