Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімиятының 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 78/4 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 17 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» Заңының 5-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» № 1431 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 ақпандағы «2007 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 45/2 қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.З. Бочинге жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
| Облыс әкімі | Қ. Нұрпейісов |
Павлодар облысы әкімдігінің
2008 жылғы 8 сәуірдегі
«Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік
объектілерінің тізбесін бекіту туралы»
№ 78/4 қаулысына
Қосымша
Жекешелендіруге жататын
коммуналдық меншік объектілерінің
ТІЗБЕСI
| № р/с | Мүліктің немесе объектінің атауы | Мүліктің немесе объектінің орналасқан жерi |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 | Мемлекеттік нөмірі 46-31 ПАА, 1989 жылы шыққан УАЗ-3152-01 автомашинасы | Павлодар қаласы («Екібастұз қаласының қан орталығы» КҚМК-ның балансында) |
| 2 | Мемлекеттік нөмірі S 558 АЕ, 1991 жылы шыққан УАЗ-3152 автомашинасы | Павлодар қаласы ("Павлодар қаласының «№ 1 емханасы» КҚМК-ның балансында) |
| 3 | Мемлекеттік нөмірі S 087 АС, 1993 жылы шыққан ВАЗ-2105 автомашинасы | Павлодар қаласы («Павлодар қаласы-ның «№ 1 емханасы» КҚМК-ның балансында) |
| 4 | Мемлекеттік нөмірі S 015 ВS, 1988 жылы шыққан ГАЗ-5312 автобусы | Павлодар қаласы («Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-нің балансында) |