Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 70 Қаулысы
(2010.12.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 57 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдарына сәйкес және облыстық коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдеріне аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту ұсынылсын.
3. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері Оңтүстік Қазақстан облыстық коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органға есепті мерзімнен кейінгі айдың бесінен кешіктірмей аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) коммуналдық мүлкін мүліктік жалға беру жөнінде тоқсан сайынғы жиынтық есеп ұсынуды қамтамасыз етсін.