2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № С-18/5 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 3 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы, 1 тармағының 1) тармақшасына, Ақмола облысы мәслихатының 2008 жылдың 13 желтоқсандағы № 4С-11-5 «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 3286 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) табыстар - 7 694 315 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 859 627 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 90 119 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 446 895 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 2 297 674 мың теңге.
2) шығындар - 7 990 108 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - -153 905 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік несиелерді өтеу - 153 905 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 50 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін алу - 50 000 мың теңге;
5) бюджеттік тапшылық - -191 888 мың теңге;
6) бюджеттік тапшылықты қаржыландыру - 191 888 мың теңге:
қарыздардың түсімі - 333 888 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 142 000 мың теңге.
2. Ақмола облысы мәслихатының 2008 жылдың 13 желтоқсандағы № 4С-11-5 «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 3286 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес кірісті бөлу нормативтері келесі мөлшерде белгіленді:
1) облыстық бюджетке төлеу көзінен алынатын жеке табыс салығы бойынша - 100%;
2) Көкшетау қаласының бюджетіне әлеуметтік салық бойынша - 100%.
3. Келесі көздердің есебінен қалалық бюджеттің кірістері бекітілсін:
1) салықтық түсімдер, соның ішінде: