«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазандағы № 288 бұйрығына және «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 319 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 14 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 91 Бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 12 қазандағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5021 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушылық және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінде жарияланған, 2007 жыл, № 13, 111-құжат), «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2007 жылғы 12 қазандағы № 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Әділет министрінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 234 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5295 тіркелген, 2008 жылғы 3 қазандағы № 151 «Юридическая газета» газетінде жарияланған, (№ 1551) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 13) тармақшасында «беру» деген сөзден кейін «және тууды тіркеу жөнінде» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында: