Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшерін бекіту туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2009 жылғы 02 наурыздағы № 333 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру Ережелерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімиятының 2005 жылғы 5 мамырдағы № 415 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4124 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған облыстық коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен қолданылатын коэффициенттер мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Б. Қуандықов |
Қызылорда облысы әкімдігінің
2009 жылғы 2 наурыздағы № 333
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған облыстың коммуналдық меншігіндегі объектілерді мүліктік жалдауға (жалға) берудегі жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен
қолданылатын коэффициенттер мөлшері
Бір жылға 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі 1,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
Р/с | Коэффициенттер түрі | Коэффициент мөлшері |
1 | Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент (Ктұр): | |
кеңселік | 1,0 |
өндірістік | 0,8 |
қоймалық, буқазандық | 0,6 |
басқалар үшін | 0,9 |
2 | Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент (Ктүр): | |
бөлек тұрған | 1,0 |
кіріктірме-жапсарлас бөлігі | 0,9 |
цокольдік (жартылай өжіре) бөлігі | 0,8 |
өжіре бөлігі | 0,7 |
3 | Жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент (Кж): | |