Мемлекеттік қызметші емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-I бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 105 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 827 бұйрығымен күші жойылды
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызметші емес су жолдары ұйымдарының жұмыскерлерінің мамандықтары бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2002 жылғы 8 тамыздағы № 275-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1959 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін: