Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы
Павлодар облысы әкімиятының 2004 жылғы 14 маусымдағы № 169/5 қаулысы
(2006.09.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 10 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Павлодар облысы әкімиятының 2006.09.08. № 226/8 қаулысымен мәтін бойынша, қаулының және қағиданың 1-қосымшаларындағы, Комиссияның Ережесіндегі «халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаменті» «халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаментіне», «халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаментінің», «халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаментімен», «халықты әлеуметтік қорғау қалалық басқармалары мен аудандық бөлімдері», «халықты әлеуметтік қорғау қалалық басқармасы немесе аудандық бөліміне» деген сөздер тиісінше «жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті», «жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне», «жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің», «жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен», «қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері», «қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Облыс азаматтарының жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау қағидасы (бұдан әрі - Қағида);