Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 20 наурыздағы № 04.2-44/78 Бұйрығы
(2010.04.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 Қаулысымен күші жойылды
2006 жылғы 5 маусымдағы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесі бекітілсін.
2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2007 жылғы 9 тамыздағы № 02-02/192 «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесі туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4899 тіркелген, 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 139 (1168) «Заң газетінде» жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 02-02/10 «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2007 жылғы 9 тамыздағы № 02-02/192 «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесі туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5138 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Тіркеу департаменті:
1) Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі бойынша шаралар қабылдасын;