Астана қаласының аумағында белгіленген салық ставкаларын бекіту туралы
Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 203/31-IV Шешімі
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 430/55-VI шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Астана қаласы аумағында қызметтерін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай белгіленген салық ставкалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихатының сессия төрайымы | Н. Петухова |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | В. Редкокашин |
Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 203/31-ІV шешіміне
1-қосымша
Астана қаласының аумағында белгіленген салық
Ставкалары
| № р/с | Салық салу объектінің атауы | Салық салу объектінің бірлігі | Бір айда белгіленген салықтың ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
| 1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | Ойын автоматы | 12 |
| 2. | Біреуден артық ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | Ойын автоматы | 18 |
| 3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | Компьютер | 4 |
| 4. | Ойын жолы | Ойын жолы | 72 |
| 5. | Карт | Карт | 5 |
| 6. | Бильярд үстелі | Ойын үстелі | 12 |
| Астана қаласы мәслихатының хатшысы | В. Редкокашин |
Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 203/31-ІV шешіміне
2-қосымша
Астана қаласы мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізілімі