Еңбек шығындарының нормативтерін және аттестациялық істердің сараптамасы жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 327 Комитет бұйрығы
Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мен қалыптастыруға қажетті жағдайларды құру мақсатында және Комитет Алқасының 2009 жылғы 19 наурыздағы шешімі бойынша БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған еңбек шығындары нормативтерінің тізбесі мен аттестациялық істердің сараптамасы жөніндегі есеп нысандары бекітілсін.
2. Ұйымдастыру-кадр, кұкық және қаржы жұмыстарының басқармасы (Д. Дүйсебаев) белгіленген тәртіппен көрсетілген қызметтер төлемін жүзеге асырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бакылауды өзіме қалдырамын.
ҚОСЫМША 1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің
2009 жылғы 19 наурыздағы № 327 Комитет бұйрымен
бекітілген
Еңбек шығындары нормативтерінің тізбесі
1 Диссертациялык кенестерде ғылыми дәрежелер беру жөніндегі аттестациялық істерді сараптағаны үшін оппоненттерге жасалатын төлем
Бір диссертацияға бөлінетін енбек шығындарының нормативі:
- докторлык - 10 сағат
- кандидитылык - 5 сағат
2. Сараптамалық кеңес мүшесіне (баяндамашының сарапшысына) сарапта, аранйы сараптама үшін және аппеляциялық комиссияға қосымша сараптаманы жүргізгені үшін төлем.
Бір диссертацияға бөленетін енбек шығындарының нормативі
- докторлык - 10 сағат