Техникалық диагностика
Жолтабаны 1520 мм магистралды локомотивтер. Диагностика жасауға бейімділік.
Жалпы техникалық талаптар
ҚР СТ ГОСТ Р 52120-2006
(ГОСТ Р 52120-2003, ШТ)
Мазмұны
1 Қолданылу саласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Терминдер мен анықтамалар
4 Техникалық талаптар
5 МЛ құрама бірліктерінің диагностика жасауға бейімділігіне қойылатын талаптар
6 Ақпаратты жинау мен беру
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт жолтабаны 1520 мм темір жолдары бойынша жүкті және жолаушыларды тасымалдауға арналған, жобаланатын немесе жаңартылатын магистралды локомотивтерге (бұдан әрі - МЛ) қолданылады және МЛ диагностика жасауға бейімділігіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылған: ГОСТ 20911-89 Техникалық диагностика. Терминдер мен анықтамалар. ГОСТ 26656-85 Техникалық диагностика. Бақылауға жарамдылығы. Жалпы талаптар.
ГОСТ 27518-87 Бұйымдарға диагностика жасау. Жалпы талаптар.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта пайдаланылатын терминдер ГОСТ 20911 сәйкес келеді, сондай-ақ мынадай терминдердің тиісті анықтамалары бар:
3.1 Борттық диагностика жұйелері: Локомотивке орнатылатын диагностика жұйелері.
3.2 Стационарлық диагностика жұйелері: Локомотивтен тыс орнатылатын жұйелер.
3.3 Жиналған ақпаратты беру жұйелері: Флэште сақтау арқылы немесе оқитын құрылғылары мен спутниктер арқылы пойыз (локомотив) жұріп бара жатқанда беріледі.
4 Техникалық талаптар
4.1 Жалпы ережелер
4.1.1 Орындау қажеттілігі нақты бір түрдегі МЛ әзірлеуге берілген ТТ-да белгіленген МЛ техникалық диагностика пайдалану мен жөндеу барысында ГОСТ 27518 бойынша жасалады.
4.1.2 МЛ диагностика жасауға бейімділігіне қойылатын жалпы талаптар және МЛ-те конструкторлық құжаттама әзірлеу сатысында МЛ ПД қамтамасыз ету бойынша негізгі жұмыстар ГОСТ 26656 сәйкес келуі тиіс.
4.1.3 МЛ ПД қамтамасыз ету үшін бастапқы деректер ретінде мыналар пайд аланылады:
-техникалық диагностика жасау жүйесін пайдаланып, МЛ диагностика жасауға қойылатын техникалық талаптар (бақылау-тексеру аппаратурасы, диагностика жасаудың бортты немесе жапсыра жасалған құрылғылары, сыртқы бақылау және диагностика жасау құралдары);
-МЛ құрама бірліктерін жөндеу жөніндегі технологиялық нүсқаулықтар;