Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 2 маусымдағы № 326 Өкімі
(2010.24.09. берілген өзгерістермен)
1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын іске асырудың іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар:
1) Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
ҚР Президентінің 2010.24.09. № 442 Өкімімен жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 2 маусымдағы
№ 326 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
2009 жылғы 15 мамырда «Нұр Отан» ХДП-ң кезектен тыс
ХІІ съезінде берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
| № п/п | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| I. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ |
| 1.1. Жедел индустриалдық-инновациялық дамудың жүйелік мәселелері |
| 1. | 2010-2014 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық жедел даму Мемлекеттік бағдарламасын 7 трлн. теңгеден асатын жылдық қосылған құнды қосымша құруды қарастыратын, жылдарға бөлінген айқын нақты мақсатты міндеттер мен индикаторлармен әзірлеу | Жарлық жобасы | Үкімет | 2009 жылғы 1 қыркүйек |