Қазақстан Республикасының делегациясын Сеул қаласына (Корея Республикасы) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1049 Қаулысы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Сеул қаласына (Корея Республикасы) сапарын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевты және Ардақ Ермағамбетұлы Досановты қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 13 - 16 шілде кезеңіне;
Ардақ Ермағамбетұлы Досанов 2009 жылғы 14 - 20 шілде кезеңіне;
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев 2009 жылғы 18 - 20 шілде кезеңіне Сеул қаласына (Корея Республикасы) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Сеул - Алматы бағыты бойынша Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа Барселона - Стамбул - Сеул - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 9 шілдедегі
№ 1049 қаулысына
қосымша
Сеул қаласына (Корея Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
| Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары |
| Шекқалиев Қанат Мағатұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің бас сарапшысы |
| Накенова Дариға Ахметжанқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Баспасөз қызметінің бас сарапшысы |
| Зебешев Ардақ Темірханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің екінші хатшысы |
| Досанов Ардақ Ермағамбетұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті инвестициялық ынтымақтастық басқармасының бастығы |
| Қаниев Саян Жолдасбекұлы | - күзет офицері |
| Бекбатыров Мейрам Ақылбекұлы | - күзет офицері |
| Рустанбеков Рустам Серікбайұлы | - күзет офицері |