Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағын беру ережесін бекіту туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 146 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағын беру ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының ХV сессиясының төрағасы | І. Баймұханов |
| Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Құдайбергенов |
Қызылорда облыстық мәслихатының
2009 жылғы 27 наурыздағы
№ 146 шешімімен бекітілген
«Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын беру
ЕРЕЖЕСІ
1. «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын беру - қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет, өнер қайраткерлерін еліміздің, облысымыздың алдындағы көп жылғы қызметін көтермелеудің бір түрі болып табылады.