2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Х сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешімі
(2009.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80, 85-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы», «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.06.02 № 11/145-IV шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.17.04. № 13/153-IV шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 107197069,6 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 16628576,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 777431,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 89791062,6 мың теңге;
2) шығындар - 107116786,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 50771,0 мың теңге,
соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1123000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1072229,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 559705,5 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 559705,5 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -530193,7 мың теңге;
6) тапшылықты қаржыландыру - 530193,7 мың теңге
2. Әлеуметтік салық, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен ұсталатын шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлудің нормативтері 2009 жылға мынадай мөлшерде белгіленсін: