Соттардың мұрагерлiк туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2009 жылғы 29 маусымдағы № 5 Қаулысы
(2017.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2026 жылғы 20 мамырдағы № 4 Нормативтік қаулысымен 2026 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-нің» деген сөз «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Мұрагерлік туралы заңнаманы біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулыетеді:
1. Мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен кезде соттар мұра ашылған күнде қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алуы тиіс.
Мұрагерлік жөніндегі қатынастарды реттеудің бұрынғы тәртібіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтар мен міндеттерге қолданылады.
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 1042-бабына сәйкес мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн не сот шешімінде қайтыс болған деп белгіленген күн мұраның ашылу уақыты болып танылады. Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуы мүмкін азаматтар бiр мезгілде немесе бір күнтізбелік тәулікте, бірақ түрлі сағатта қайтыс болса, онда олар бірінен кейін бірі мұрагер болмайды және мұрагерлiкке олардың әрқайсысының мұрагерлері шақырылады.
ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi мұраның ашылу орны болып табылады.