Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 12 желтоқсандағы № 140 шешімі
(2009.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 96-IV Заңын орындау үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы мәслихатының 2009.12.01. № 157 шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ; Қостанай облысы мәслихатының 2009.20.04 № 185 шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді)
( бұр. ред. қара) 1 -тармақ жаңа редакцияда
1. Қостанай облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 73696686,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 3 154 201,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 62069,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 245,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 70480171,3 мың теңге;
2) шығындар - 73862616,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 21 556,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 436000,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 414444,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 238201,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 238201,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -425686,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 425686,4 мың теңге.
2. Аудандар және қалалар бюджеттеріне облыстық бюджетке аударылатын кірістерден басқа 100 пайыз көлеміндегі кірістер аударылатыны белгіленсін:
жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
орманды пайдаланғаны үшін төлем;
қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем төлеу;
облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүргені үшін алым;