Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісімнің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 277 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 25 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 317-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісім нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісімге қол қоюды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы немесе оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады деп белгіленсін.
3. «Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 154 бұйрығының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4678 тіркелген күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Н. Түсіпбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2009 жылғы 1 шілдедегі
№ 277 бұйрығымен
бекітілген
Уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған бас келісім
Астана қаласы № ____ «___»______________ 20__ж.