ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ
БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесі
Кәсіптік практика
Негізгі ережелер
ҚР МЖМБС 5.03.005-2009
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 357 бұйрығымен күші жойылды
Мазмұны
1 Қолдану саласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Анықтамалар
4 Жалпы ережелер
5 Тілдік, оқу-таныстыру және оқу практикасының базасы мен бағдарламасы
6 Педагогикалық практикасының базасы мен бағдарламасы
7 Өндірістік практикасының базасы мен бағдарламасы
8 Диплом алды практикасы
9 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына өзгерістер және толықтырулар енгізу тәртібі
1 Қолдану саласы
Осы стандарт Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес кәсіби практиканың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандарттың ережелері оқушылардың кәсіби практикасын ұйымдастыру үшін олардың меншік нысандарына, ұйымдастырушылық - құқықтық түрлеріне, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан ҚР жоғары білім беру ұйымдарымен қолданылады.
Осы стандарт аккредитация процедурасын өткізу, жоғары оқу орынын мемлекеттік аттестациялау кезінде қолданылады.
Стандартты сонымен қатар:
а) жоғары оқу орындары ішкі және сыртқы баға (аудит) қызметтерінде;
б) тиісті нормативтік құжаттарды әзірлеушілер пайдалана алады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі нормативті құжаттарға сілтемелер қолданылады:
2.1 «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдегі № 319-ІІІ Заңы;
2.2 Қазақстан Республикасының (ҚР Үкіметінің 2001жылғы 28.02.№ 297; 2001 жылғы 28.12. № 1747; 2002 жылғы 02.08.№ 861; 2004 жылғы 07.12. № 1281 қаулыларына сәйкес өзгерістер енгізілген) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 02.06. № 452 қаулысымен бекітілген, білім беру қызметін лицензиялау ережесі;
2.3 Білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдар кызметінің типтік ережелері;