Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі
орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 маусымдағы № 16/161-III шешімі
Осы редакция 2008 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 14 бабына, «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің» (Салық кодексі) 473 бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының дайындаған есептердің негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 15/166-II «Облыстық мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі жанама орман пайдаланудың төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (Оңтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасында 2002 жылғы 25 қаңтарда 483-нөмірмен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2005 жылғы 23
маусымдағы № 16/161-III шешіміне
қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану
ТӨЛЕМАҚЫСЫНЫҢ СТАВКАЛАРЫ
Жанама орман пайдалану:
дәрілік өсімдіктер мен техникалық шикізатты, жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және басқа да орманның тағамдық өнімдерін дайындау мен жинау
| № | өсімдіктердің аттары (құрғақ күйінде) | өлшем бірлігі | Шикізаттың түрі | Төлемақы мөлшері (теңге) |
| 1. | өрік, алша, шие | кг. | Жемістері | 2-00 |
| 2. | Итсигек | кг. | Жоғары өркендер | 01-00 |
| 3. | Долана | кг. | Жемістері | 2-00 |
| 4. | Бөріқарақат | кг. | Жемістері | 6-00 |
| 5. | Ақмия | кг. | Шөп | 1-00 |
| 6. | Сарылапыз | кг. | Тамыр жуашығы | 5-00 |