Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджет туралы
Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 163/28-IV шешімі
(2009.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Астана қаласы мәслихатының 2009.08.04 № 208/32-IV Шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.21.04. № 213/33-IV шешімімен (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Астана қаласының 2009 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 295 507 797 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 61 198 359 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 787 339 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 10 532 080 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 222 990 019 мың теңге;
2) шығындар - 288 106 666 мың теңге;
3) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 10 227 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 10 227 000 мың теңге;
4) бюджет тапшылығы (профициті) - (-2 825 869) мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) 2 825 869 мың теңге;
6) қарыздар түсімі бойынша - 7 800 000 мың теңге.
2. «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті бюджеттің кірісіне төмендегілер есепке алынатындығын назарға алу:
бірыңғай бюджеттік сыныптаманың кіріс сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды алуға арналған салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған өзара шарт бойынша салық тәртібі тұрақтылығының кепілдіктерін сақтайтын роялти;