Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының делегациясын Токио қаласына (Жапония) іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1357 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 11 сентября 2009
Статус
Действующийвведен в действие с 11 сентября 2009
Дата последнего измененияпятница, 11 сентября 2009

Қазақстан Республикасының делегациясын Токио қаласына (Жапония) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1357 Қаулысы

 

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және JАТА World ТrаvеІ Ғаіr 2009 Халықаралық туристік көрмесіне қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 14-23 қыркүйек кезеңіне Токио қаласына (Жапония) іссапарға жіберілсін.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Токио - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 011 «Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және 013 «Туристік қызметті реттеу» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                   

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 11 қыркүйектегі

№ 1357 қаулысына

қосымша

 

Токио қаласына (Жапония) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы

 

Мусин Қобыланды

Нұрғалиұлы

 

- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы

Кутлубаев Григорий

Анатольевич

 

- Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құқықтық қамтамасыз ету және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы

Бекішова Жәмилә

Мақсұтқызы

- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті құқықтық қамтамасыз ету және кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы

Можанов Асқар

Байжігітұлы

 

- Шығыс Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы

Бекбаева Қарлығаш

Қырықбайқызы

 

- Атырау облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы туризм бөлімінің бастығы

Оразбаев Бақытжан

Қабдолданұлы

- Алматы облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы туризмді дамыту бөлімінің бас маманы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами