Қала бюджетінің қаржысынан ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыздандыру, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 12 тамыздағы № A-8/1579 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 бабтарына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы № С-20/14 «Ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкаларын және лауазымдық айлықақыларын көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» шешімінің негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала бюджетінің қаржысынан ауылдық (селолық) елді-мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандарына тарифтік ставкаларын және лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға көтеру құқығына ие мамандардың лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.