Мұнайды есептеу торабының және құбыр піспекті қондарғылардың өлшем құралдарын
таңбалау
ҚРСТ 2.150-2008
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Белгілеулер және қысқартулар
5. Жалпы ережелер
6. Салыстырып тексеру таңбаларын басу тәртібі
7. Бақылау таңбаларын басу тәртібі
А қосымшасы (міндетті). Таңбалануға тиіс МСӨЖ және ҚСК өлшем құралдарының тізімі және таңбаның оттисктерін басу орны
Б қосымшасы (міндетті). МСӨЖ және ҚСҚ өлшем құралдарына таңбалардың оттисктерін басу орны
В қосымшасы (анықтамалық). Қорғалған атқарымдарды орындауға тұтынушылардың рұқсат деңгейлерін АӨЖ іске асыруға мысалдар
Г қосымшасы (анықтамалық). Библиография
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт мұнай сапасының мөлшері мен көрсеткішін (МСӨЖ) өлшеу жүйелерінің және салыстырып тексеруші қондырғылардың, сондай-ақ олардың жабдықтарының құрамына кіретін өлшем құралдарына таралады және салыстырып тексеру және бақылау таңбалардың оттисктерін басу орындарын және тәртібін, пломбалау және пароль қою, парольдерді сақтау орындарына рұқсат тәртібін белгілейді.
Осы стандарттың талаптары МСӨЖ пайдаланатын кәсіпорындарға, сондай-ақ МСӨЖ метрологиялық және техникалық қызмет көрсетуді ске асыратын кәсіпорындарға таралады.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:
ҚР СТ 2.1-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Терминдер және анықтамалар.
ҚР СТ 2.62-2003 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Мұнай сапасының мөлшерін және көрсеткішін өлшеу жүйелері. Жалпы талаптар және қолдану тәртібі.