Введите номер документа
Прайс-лист

«Жоғары оқу орындарын Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасы мен білім беру қызметіне лицензия ережелерінің сақталуына тексеріс жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 407 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 7 сентября 2009
Статус
Действующийвведен в действие с 7 сентября 2009
Дата последнего измененияпонедельник, 7 сентября 2009

Жоғары оқу орындарын Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасы мен білім беру қызметіне лицензия ережелерінің сақталуына тексеріс жүргізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы 7 қыркүйектегі № 407 бұйрығы

 

Мемлекет Басшысының алға қойған міндеттері мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау, білім және ғылым министрліктерінің 2009 жылғы 30 шілдедегі қол қойған Тексеру жүргізу қағидаттары туралы келісіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 Кестеге сәйкес (1 қосымша) жоғары оқу орындарын Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасы мен білім беру қызметіне лицензия ережелерінің сақталуына тексеру (жолда жүрген уақытты есептемегенде) жүргізілсін.

2 Комиссия құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 Оқу орындарының басшылары білім беру ұйымдарын тексеруге төрағалар мен комиссия мүшелерінің қатысуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес олардың іссапар шығыстарын төлесін.

4. Тексеріс өткізілетін білім беру ұйымдарының басшылары комиссияның жұмысына қажетті жағдай жасасын.

5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы (Н.Б. Қалабаев) білім беру ұйымдарын тексеруге Комитет қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес олардың іссапар шығыстарын төлесін.

6 Комиссия төрағалары тексеріс нәтижелері туралы анықтаманы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне таптырсын.

7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасы Н.Б. Қалабаевқа жүктелсін.

 

 

Министрдің м.а.

А. Жақыпов

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің м.а. 2009 жылғы

7 қыркүйектегі № 407 бұйырығына

1 қосымша

 

 

Жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының білім туралы

заңнамасының және білім беру қызметін лицензиялау ережесінің

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами