Введите номер документа
Прайс-лист

Мұнай өнімдері. Авиациялық және дистилляттық отындар. Электр өткізгіштігін анықтау ҚР СТ ИСО 6297-2008

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 30 октября 2008
Статус
Действующийвведен в действие с 30 октября 2008
Дата последнего изменениячетверг, 30 октября 2008

Мұнай өнімдері
Авиациялық және дистилляттық отындар
Электр өткізгіштігін анықтау
 
ҚР СТ ИСО 6297-2008

 

Мазмұны

 

1 Қолданылу саласы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Анықтамалар

4 Принципі

5 Реактивтер

6 Жабдық

7 Сынамаларды іріктеу

8 Әдістеме

9 Нәтижелерді көрсету

10 Ұқсастығы

11 Сынақтар туралы есеп

 

 

1 Қолданылу саласы

 

Осы стандарт статистикалық электрмен және онсыз сөндіргіштің қысымы болатын авиациялық және дистилляттық отындардың бейтарап меншікті электр өткізгіштігін анықтау әдісін белгілейді. Әдіс зарядталмаған отын үшін меншікті электр өткізгіштікті, атап айтқанда, электрлі бейтарап отынды (бейтарап меншікті электр өткізгіштік деп аталатын) өлшеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта отынның меншікті электр өткізгіштігін өлшеудің екі әдісі бар, біреуінде бактарда немесе зертханаларда және сынамаларды далада өлшеу тікелей өлшеулерге арналған портативті өлшеу аспабы, ал екіншісінде ағындағы отынның меншікті электр өткізгіштігін (баламалы бейтарап меншікті электр өткізгіштіктің) үздіксіз өлшеуге арналған салынбалы өлшеу аспабы пайдаланылады. Өлшеулерді жүргізер алдында осы әдістердің кез келгенін қолдану кезінде қалдық электр зарядтарының релаксациясына және ластануларды болдырмауға ерекше назар аудару қажет.

Әдіс анықталған ұқсастықты анықтау үшін қолданылатын жабдықтың көмегімен 1 пкСим/м бастап 2000 пкСим/м дейінгі ауқымдағы меншікті электр өткізгіштерді өлшеу үшін пайдалануға болады. Бұл ауқым тоқты өлшейтін электродтар мен аспаптардың өлшемдерін дұрыс таңдау нәтижесінде үлкен мәні жағына кеңейтілуі мүмкін.

 

 

2 Нормативтік сілтемелер

 

Осы стандартта мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылды:

ҚР СТ 1.9-2007 Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу жүйесі. Қазақстан Республикасында шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын, басқа да стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі.

ГОСТ 8.417-2002 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Шамалардың бірліктері.

ГОСТ 2517-85 Мұнай және мұнай өнімдері. Сынамаларды іріктеу әдістері.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами