Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың
2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын, 20 шілдеге және 20 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 31 шілдедегі
№ 730 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім
беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010
жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
| Р/с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар, млн. теңге* | Қаржыландыру көзі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |