Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының делегациясын Берн, Цюрих (Швейцария Конфедерациясы) және Прага (Чех Республикасы) қалаларына іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қарашадағы № 1946 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 28 ноября 2009
Статус
Действующийвведен в действие с 28 ноября 2009
Дата последнего изменениясуббота, 28 ноября 2009

Қазақстан Республикасының делегациясын Берн, Цюрих (Швейцария Конфедерациясы) және
Прага (Чех Республикасы) қалаларына іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қарашадағы № 1946 Қаулысы

 

«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-швейцариялық үкіметаралық комиссияның алтыншы отырысының жұмысына, сондай-ақ қазақстандық-швейцариялық бизнес-форумға Қазақстан Республикасы делегациясының қатысуы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының делегациясы:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 29 қараша - 3 желтоқсан кезеңіне;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 30 қараша - 4 желтоқсан кезеңіне;

Аркен Кеңесбекұлы Арыстановты қоспағанда, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес құрамда 2009 жылғы 1 - 4 желтоқсан кезеңіне;

А.К. Арыстанов 2009 жылғы 1 - 6 желтоқсан кезеңіне Берн және Цюрих қалаларына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен қонақ үйде тұруға, тәуліктік және:

1-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне Астана - Стамбул - Мюнхен - Берн - Цюрих - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша;

2-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне Астана - Вена - Цюрих - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша;

А.К. Арыстановты қоспағанда, 3-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне Астана - Майндағы Франкфурт - Цюрих - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша;

А.К. Арыстановқа Астана - Майндағы Франкфурт - Цюрих - Прага - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 28 қарашадағы

№ 1946 қаулысына

1-қосымша

 

 

Берн және Цюрих қалаларына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілетін

Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы

 

Ботақанова

Толғанай Серікбайқызы

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары

 

Айсағалиева

София Серікбайқызы

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры

 

Ақышева

Айнагүл Темірханқызы

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Халықаралық салық салу басқармасының бас сарапшысы

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 28 қарашадағы

№ 1946 қаулысына

2-қосымша

 

 

Берн және Цюрих қалаларына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілетін

Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы

 

Түсіпбеков

Рашид Төлеутайұлы

- Қазақстан Республикасының Әділет министрі, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағасы

 

Жанәділов

Арман Барысханұлы

 

- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі

Айдарбекұлы

Ерлан

 

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Талдама және стратегиялық жоспарлау департаментінің сарапшысы

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 28 қарашадағы

№ 1946 қаулысына

3-қосымша

 

 

Берн және Цюрих қалаларына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілетін

Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы

 

Жақсылықов

Тимур Мекешұлы

 

- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі

 

 

Арыстанов

Аркен Кеңесбекұлы

 

- Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы

 

Досанов

Ардақ Ермағамбетұлы

 

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары

 

Әзімова

Эльвира Әбілқасымқызы

 

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры

 

Дауылбаев

Ғалымжан Оңғарұлы

 

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаменті Батыс Еуропа басқармасының бастығы

 

Мұстафина

Бибігүл Бағдатқызы

 

- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті стратегия және туризмді дамыту басқармасының бастығы

 

Садықов

Берік Лиханұлы

 

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаменті Еуропа, Америка және ТМД елдері басқармасының бастығы

 

Жақыпова

Наргүл Жанболатқызы

 

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитетінің тікелей шетелдік инвестициялар басқармасының бас сарапшысы

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!