«Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын» бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы № 148/7 шешімі
(2008.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 13 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» № 553 қаулысына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008.23.12. № 214/11 шешімімен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Қалалық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы» (бұдан әрі - Қағида) қосымшаға 1 сәйкес бекітілсін.
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008.23.12. № 214/11 шешімімен 2 тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
2. Павлодар қалалық мәслихатының шешімін 2 қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына және тексеру комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | С. Тупицын |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | В. Лебедь |
Павлодар қалалық мәслихатының