2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 25/2 шешімі
(2010.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 тамыздағы № 455/1 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2009.30.12. № 26/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.03.03. № 28/1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.13.04. № 29/6 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.27.10. № 35/1 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.29.11. № 36/1 шешімімен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес 2010 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 15642452 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 5645963 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 15864 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 523 700 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 9456925 теңге.
2) шығындар - 16653774 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 1130 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 130 теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 24 650 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерді сатып алу - 24 650 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1034842 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - -1034842 теңге.
қарыздар түсімі 659773 мың теңге;
қарыздарды өтеу 399330 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 774 399 мың теңге.