2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 261 шешімі
IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІV сессиясының 2010.13.12. № 379 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 495 бабы 9 тармағына және Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19, 101 баптарына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. «Алматы қаласы бойынша 2009 жылға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XIV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 160 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 26 қаңтарда № 806 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» газетінде 2009 жылғы 31 қаңтардағы № 12 және «Вечерний Алматы» газетінде 2009 жылғы 31 қаңтарда № 12 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2010 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Т.Ә.Ізмұхамбетов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә.Шормановқа жүктелсін.
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXIII сессиясының төрағасы | Т. Мұқашев |
ІV сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
XXIII сессиясының
2009 жылғы 30 қарашадағы
№ 261 шешіміне қосымша
2010 жылға арналған Алматы қаласы бойынша
қоршаған орта эмиссиялары үшін төлемақы ставкалары
1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығындылары үшін төлемақы ставкалары:
Рет № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары, 2 коэф-тімен (АЕК) |
1. | Күкірт тотықтары | 10 | 20 |
2. | Азот тотықтары | 10 | 20 |
3. | Шаң және күл | 5 | 10 |