«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 224 Бұйрығы
Осы редакция 2009 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығын, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурсқа қатысатын үміткерлердің құжаттарын қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу жөніндегі нұсқаулық (1 қосымша);
2) Үміткерлердің академиялық оқу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсына қатысу үшін сауалнамасының үлгілік нысаны (2 қосымша);
3) Үміткерлердің ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға арналған сауалнамасының үлгілік нысаны (3 қосымша);
4) Ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге арналған жіберуші ұйым (Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымының немесе жоғары оқу орнының) ұсынымының үлгілік нысаны (4-қосымша);
5) Ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге арналған ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының жобасына талаптар бекітілсін (5 қосымша).
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (6 қосымша).