2010 жылы Қазақстан Республикасында Халықаралық микроқаржы конференциясына дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 4-ө Өкімі
2010 жылы Қазақстан Республикасында Халықаралық микроқаржы конференциясына (бұдан әрі - Конференция) сапалы дайындалуды және оны өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған Конференцияға дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 15 қаңтардағы
№ 4-ө өкімімен
бекітілген
2010 жылы Қазақстан Республикасында Халықаралық микроқаржы
конференциясына дайындалу және оны өткізу жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға |
Сүлейменов Тимур Мұратұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Ержанова Сәбира Ахметқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Есқалиев Ерхат Серікұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |