Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 Қаулысы
(2009.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқарамасының 2008.29.12. № 250 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы Нұсқаулықта көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік етуі (банктер бойынша - жанама) нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен аффилиирленген болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың аффилиирленген тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы қоса берілген Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері осы қаулының қосымшасына сәйкес өздерінің күшін жойды деп танылсын.
3. Осы қаулы Нұсқаулықтың 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 39, 41-тармақтарын қоспағанда 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.