Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелері және нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 589 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 21 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті тапсыру Ережелері және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5428 болып тіркелген, Юридическая газетінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда № 197 (1597) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша Есепті (201.00 нысан) тапсыру Ережесінде:
«1. Жалпы ережелер» бөлімнің атауы алып тасталсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) салық төлеуші - салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны электронды түрде алады.»;
«2. Есепті жасау (201.00-нысан)» бөлімнің атауы алып тасталсын;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: