Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 603 бұйрығы
(2010.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 21 Бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағына және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен Ережелері (201.00-нысан) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 25 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4086 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2006 жылы 31 наурызда № 56-57(1036-1037) жарияланған);