«Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары,
әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен
ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының
2006 жылғы 23 қаңтардағы № 25 Бұйрығы
(2006.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2008 ж.23 желтоқсандағы № 603 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелері (201.04-нысан) бекітілсін.
2. «Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалған (есептелген) және аударылған сомалары бойынша есеп тапсыру ережелерін және есеп нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 28 желтоқсан № 672 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 31 қаңтарда № 3411 тіркелген, «Юридическая газетада» 2005 жылы 21 қыркүйекте № 173 (907) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Ж.С.Есмағанбетова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарға қолданылады.
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2006 жылы 30 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының