Электр энергиясының теңгерімдеуші Нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 269 Бұйрығы
(2008.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережесі бекітілсін.
2. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company («KEGOC»))» акционерлік қоғамның жүйелік операторы Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының іске қосылуын және электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімденуін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етсін.
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008.19.03 № 70 Бұйрығымен (ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2008.23.12 № 314 Бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу жағдайында теңгерімдеуші нарық субъектілерінің тетігін пысықтау, Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерінің шынайы шамаларын айқындау, реттеуші қуаттардағы тұтынуды нақтылау, теңгерімдеуші электр энергиясына баға аралықтарын айқындау мақсатында 2008-2009 жылдары теңгерімдеуші нарықтың жұмысы имитациялық режимде теңгерімдеуші нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін өзара есеп айырысулар рәсімінсіз жүзеге асырылатын болады.
4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергиясы мен көмір өнеркәсібі департаменті (Н.Б. Бертісбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.