Введите номер документа
Прайс-лист

«Аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беруі бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 865 Бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 22 декабря 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 октября 2012

Аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беруі бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 865 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 656 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 54-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған аккредиттелген ұйымдардың емші сертификатын беруі бойынша Нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.):

1) емші сертификатын беруші денсаулық сақтау субъектілеріне аккредиттеу жүргізсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. «Халық емшісі куәлігін беру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 532 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4477 тіркелген, 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 5 (1208) «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«Сертификаттың және Қазақстан Республикасы емшілері тізілімінің нысанын, сондай-ақ оны жүргізу ережесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 6 қарашадағы № 663 Бұйрығын қара

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами