Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі штабтар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 8-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 26-ө Өкімімен күші жойылды
Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында:
1. Мына:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда 2010 жылы аяқталатын;
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда 2010 жылы құрылысын бастау жоспарланған инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі штабтар құрылсын.
2. Штаб басшылары:
1) әрбір жобаны іске асыру жөніндегі жоспар-кестелер мен іс-шаралар жоспарларын бекітсін және олардың уақтылы орындалу барысын бақыласын;
2) объектілерге және құрылыс алаңдарына тікелей бара отырып, кемінде айына бір рет штабтардың отырысын өткізсін;
3) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне осы өкімге 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есеп ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі ай сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 19 қаңтардағы
№ 8-ө өкіміне
1-қосымша
2010 жылы аяқталатын инвестициялық жобалардың іске асырылу
барысын бақылау жөніндегі штабтардың құрамдары
Ақмола облысы
«Васильков алтын кен орнын одан әрі игеру және алтын шығару
фабрикасын салу» инвестициялық жобасы
(өтініш беруші - «Васильков КБК» акционерлік қоғамы)
Рау Альберт Павлович | - Ақмола облысының әкімі, басшы |
Бөкенбаев Жақып Құттыбекұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, басшының орынбасары |
Отаров Қадырхан Махмұтұлы | - Ақмола облысы әкімінің орынбасары |
Қойшыбаев Марат Советұлы | - Ақмола облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы |