Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 49 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайға талдау» деген 2-бөлімде:
«Кадр ресурстары мен медициналық ғылымды дамыту жүйесінің жетілмеуі» деген 3) кіші бөлімдегі бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1894 қаулысына сәйкес медициналық кадрларды даярлауға және қайта даярлауға республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттермен 267 702 мың теңге көзделген.»;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 8-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қаңтардағы
№ 49 қаулысына
қосымша
8. Бюджеттік бағдарламалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің бюджеттік бағдарламасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
Бюджеттік бағдарлама | 001 «Денсаулық сақтау саласындағы саясатты және қызмет көрсетулерді мемлекеттік реттеуді үйлестіру жөніндегі қызметтер» |