(IV шақырылымның кезекті XX сессиясы) «2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы»
Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 175-4/20 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-шы бабы, 1-ші тармағы, 1)-ші тармақшасына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы, «Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің» 75-шы бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2010 - 2012 жылдарға арналған аудан бюджетін 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес бекітілсін, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемде:
1) кірістер 1554023 мың теңге, соның ішінде;
салық түсімдері бойынша 261763 мың тенге;
салықтық емес түсімдер бойынша 560 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 482 мың теңге;
трансферттердің түсімдері 1291218 мың теңге;
2) шығындар 1554023 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу нөлге тең, оның ішінде:
бюджеттік несиелеуді өтеу нөлге тең;
4) қаржылық активтердің операциялық қалдығы нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы нөлге тең;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру нөлге тең.
2. Облыстық бюджеттен 2010 жылға жіберілетін бюджеттік жәрдем қаражат көлемі 953867 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2010 жылға арналған аудан бюджетін орындау процессінде секвестрлеуге жатпайтын, аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесін 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. 2010 жылға арналған ауданның селолық округтерінің бюджеттік бағдарламалары 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.