2010 - 2012 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы
Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 138-22-4 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 11 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 75 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданының бюджеті бекітілсін:
1) 2010 жылға арналған 1 қосымшаға сәйкес келесідей көлемде:
кірістер - 2 016 184 (екі миллиард он алты миллион жүз сексен төрт мың) теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 200 661 (екі жүз миллион алты жүз алпыс бір мың) теңге;
салық емес түсімдер - 3 475 (үш миллион төрт жүз жетпіс бес мың) теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 381 (үш жүз сексен бір мың) теңге;
трансферттердің түсімі - 1 811 667 (бір миллиард сегіз жүз он бір миллион алты жүз алпыс жеті мың) теңге;
шығыстар - 2 007 684 (екі миллиард жеті миллион алты жүз сексен төрт мың) теңге;
таза бюджеттік несиелеу - нөлге тең;
бюджеттік несиені төлеу - нөлге тең;
қаржы активтері операциялары бойынша сальдо - 8 500 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 8 500 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге;
бюджет тапшылығы - нөлге тең;
бюджет тапшылығын қаржыландыру - нөлге тең;
қалдық бюджетінің қаржы қозғалысы - нөлге тең;
2) 2011 және 2012 жылдарға 2 және 3 қосымшаларға сәйкес;
2. 2010 жылға арналған аудандық бюджетінде қарастырылған облыстық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 1 405 759 (бір миллиард төрт жүз бес миллион жеті жүз елу тоғыз мың) теңге сомасында қарастырылсын.
3. 2010 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының қоры 4 090 (төрт миллион тоқсан мың) теңгеге бекітілсін.