Введите номер документа
Прайс-лист

«Райымбек ауданы бойынша мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы» Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 12 қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 8 февраля 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 8 февраля 2010

Райымбек ауданы бойынша мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы
Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 12 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2), 5-3) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бап, 1-тармақ, 13) тармақшасына сәйкес, жалпы жұмыс орындары ішінен мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту және арнайы жұмыс орындарын құру мақсатында аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

1. Меншік нысанына қарамастан ауданның мекеме, кәсіпорындарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Бекітілген жұмыс орындарының квотасы бойынша мүгедек азаматтарды жұмысқа қабылдау мүмкіндігі пайда болған күннен бастап үш күн мерзім ішінде «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жұмыс орындары жайлы ақпараттарды ұсынып отыру және жолдамамен жіберілген мүгедек азаматтарды міндетті түрде жұмысқа қабылдау мекеме, кәсіпорын басшыларына тапсырылсын.

3. Әр тоқсан сайын квота есебінен бөлінген жұмыс орындарының толығуы жөнінде ақпараттар беріп отыру мекеме, кәсіпорын басшыларына және квота есебінен бөлінген жұмыс орындарының толығуын бақылап отыру «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Зықаев Халық Сансызбайұлына міндеттелінсін.

4. Аудандық Әділет басқармасынан 18 қаңтар 2006 жылы № 2-15-18 мемлекеттік тіркеуден өтіп, аудандық «Хан тәңірі» газетінің 23 қаңтар 2006 жылғы № 4 (7423) санында жарияланған, аудан әкімдігінің «Мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдау квотасы туралы» 15 желтоқсан 2005 жылғы № 1555 қаулысының күші жойылған деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуына бақылау басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары Қуанышев Ерлік Қуанышұлына жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом