Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген
ұсыныстардың тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 қарашадағы № 1005 Қаулысы
(2009.16.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 26 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі бекітілсін.
2. «Орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қарашадағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №42, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген орта мерзімді кезеңге арналған (2007-2009 жылдарға арналған) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінде:
реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.16.04. № 526 қаулысымен тізілім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 3 қарашадағы
№ 1005 қаулысымен
бекітілген
Концессияға берілуі мүмкін объектілердің техникалық-экономикалық
негіздемесін әзірлеу үшін іріктелген ұсыныстардың тізілімі