Введите номер документа
Прайс-лист

«Техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім беру бағдарламаларын, үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 595 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 25 декабря 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 25 декабря 2009

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім беру бағдарламаларын, үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 595 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген:

1) 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары;

2) 2-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары;

3) 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін.

2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ.Бөрібеков):

1) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен (Балықбаев Т. О.) бірлесіп, қоса беріліп отырған техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, білім беру бағдарламаларын басып шығаруды ұйымдастырсын;

2) Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығымен (Б.А. Ержанов) және Республикалық оқу әдістемелік бірлестіктермен бірлесіп, қоса беріліп отырған техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын басып шығаруды ұйымдастырсын;

3) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының және республикалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами