Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 Бұйрығы
(2009.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 329-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 456 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5057 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 456 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 67 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5149 болып тіркелген);